Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аягөздік оқушы инкубатордан бөдене балапанын шығарды

10-сынып оқушысы қолдан инкубатор жасап, автоматтандырған

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягоз (Аягозский р-он) / Аягөздік оқушы инкубатордан бөдене балапанын шығарды
Фото:
Абай облыстық әкімдігі

Алда 500 жұмыртқа сыятын инкубатор жасап, автоматтандырмақшы, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі Абай облыстық әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Аягөз ауданындағы қалалық көпбейінді қазақ мектеп гимназиясының 10-сынып оқушысы Айгерім Ержанқызы автоматтандырылған инкубатор арқылы бөдене балапандарын шығарды. Жетекшісі - биология пәні мұғалімі Қаламқас Садуакасова.

Оқушы бөдене жұмыртқасы мен етін пайдалануды инкубатор арқылы көбейтпек оймен заманауи жабдықтарды пайдалану арқылы үй жағдайында инкубатор құрастырған. Қарапайым инкубаторға Arduino бағдарламасын құрып автоматтандырған.

Инкубатордағы температура мен ылғалдылықты анықтайтын датчик орнатқан. Ішіне 20 жұмыртқа салып, оны оқушы 17 күн бақылаған. Нәтижесінде 5 балапан шығарды.

Айгерім жетекшісімен бірге көлемі 500 жұмыртқа сыйымдылығындай инкубатор құрастырып, автоматтандыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ балалар ағзасына еш аллергиялық әсері болмайтынын анықтап, мектеп оқушыларының ас мәзіріне 1-2 бөдене жұмыртқасын пайдалануға кеңес беріп жүр.

Следующая →