Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бақты - Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов телекөпір арқылы құрылыс жобасын ресми түрде іске қосты

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягоз (Аягозский р-он) / Бақты - Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды
Фото:
t.me/KZgovernment

Абай облысында басталған теміржол желісінің ұзындығы 272 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Жоба ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.

Жаңа желіні салу барысында Қытаймен Бақты – Шәуешек үшінші шекара өткелін ашу жоспарланып отыр, - делінген хабарламада. - Жалпы Бақты – Аягөз теміржол желісі Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу қабілетін 28 млн-нан 48 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, оңтүстіктегі өткізу бекеттеріндегі кептелістерді жоюға және қосымша транзит көлемін тартуға мүмкіндік береді.

Теміржол 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Құрылыс барысында 11 станция, 47 көпір, 23 теміржол және 8 автомобиль өткелі, 5 жаяу жүргіншілер көпірі, 16 бақылау құрылыстары салынады.

Осы мақсатта отандық өндірушілерден 500 мың бірліктен астам шпал және 36 тонна рельс сатып алу жоспарлануда.

Магистраль құрылысы 1700-ден астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Бақты – Аягөз жобасы Қазақстан теміржол желісінің әлемдік көлік жүйесіне ықпалдасуын кеңейтеді, - деді Әлихан Смайылов.


Следующая →