Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Аяз ата мен Ақшақарлар, ертегі кейіпкерлерінің шеруі өтеді
22 желтоқсан күні Өскемен қаласы тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік шаралар жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Ертең сағат 15.00-де Жастар, 23 мекенжайында орналасқан хоккей қорабында шайбалы хоккейден "Алтын шайба" қалалық лига маусымының ашылуы болады. Жарыс 2006-2008, 2009-2013 жылғы жасөспірімдер және 2008-2012 жылғы қыздар арасында өтеді.
Ал сағат 16.00-де Сол жағалау саябағында Аяз Ата резиденциясы ашылады.
Сағат 18.00-де республика алаңында дәстүрлі "Ёлочка, зажгись!" театрландырылған қойылымы жоспарланған.
Ал егер сіз өзіңіз Аяз ата, Ақшақар немесе ертегі кейіпкері болсаңыз, шеруге қосылып қатыса аласыз. Қатысушылар сағат 17.30-да Мәдениет басқармасы ғимаратының алдында (Қазақстан к-сі, 63) жиналады.