Абай облысында жолда қалған 60 адам құтқарылды
Абай облысындағы "Аягөз-Үржар" тасжолының 40-шақырымында жолда қалған 60 адам эвакуацияланды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, "112" қызметіне Аягөз ауданындағы "Аягөз-Үржар" тасжолының 40-шақырымында жолда қалған азаматтардан хабар түсті.
Сол жерде 60 адам болған.
№13 өрт сөндіру бөлімінен 4 адам "Вахта" өтімділігі жоғары техникамен дереу оқиға орнына келіп жетті. Сондай-ақ 10810 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де жолға шықты. Жолда қалғандардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілді, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, Үржар ауданы ТЖБ қызметкерлері қар құрсауында қалған 10 көлікті "Алматы-Өскемен" тасжолының 92-шақырымына шығарды.