Боранда Түркістан, Ұлытау облыстарында бірнеше адам жоғалып кеткен
Қолайсыз ауа райында жолға шыққандар қар құрсауында жоғалып кетіп жатыр
Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен 12 адам аман-есен табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ТЖМ ақпаратына сүйеніп.
2023 жылдың 5 қаңтарында сағат 10.00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Байжансай тауына екі авто көлікпен жолға шыққан адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті, - делінген хабарламада. - Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары мен өтімділігі жоғары техникасы жұмылдырылды.
Көп ұзамай барлығы табылды. Олар бір отбасының мүшелері екен. Олар 31 желтоқсан күні қойшы ауылдағы өз үйлеріне демалуға барған екен. Екі күн бойы болған қатты боран салдарынан жолдардың барлығы жабылғандықтан, олар кері кайта алмай, сол жерде калып койған екені анықталды.
Ал Ұлытау және Қарағанды облыстарында жоғалған 6 адамды іздеу жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлытау облысында жоғалған 5 адамды іздеу жалғасуда, - делінген хабарламада. - Қолайлы ауа райы жағдайлары орнаған кезде белгілеген кезде іздестіру жұмыстарына ТЖМ құтқару аваиациясын іске қосу жоспарлануда. 2023 жылғы 4 қаңтарда Қарағанды облысының Шет ауданында Қарғалы ауылынан 5 км қашықтықта ТЖД күштерімен 1981 жылы туған азаматты іздестіру жүргізілуде.