Өскемен
облачно
-26°
  • Өскемен
    -26°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -28°
  • Ақтөбе
    -18°
  • Актау
    -3°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -21°
  • Көкшетау
    -24°
  • Қостанай
    -20°
  • Қызылорда
    -13°
  • Павлодар
    -25°
  • Петропавловск
    -19°
  • Тараз
    -9°
  • Туркестан
    -12°
  • Шымкент
    -9°
$
472.17
-1.37
495.5
-0.63
¥
67.74
-0.10
7.57
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскери бөлімдер жас мамандармен толықты

Аягөз гарнизонына қарайтын әскери бөлімдердің қатары жоғары әскери оқу орындарын және әскери кафедра мен колледж бітірген жас мамандармен толықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягоз (Аягозский р-он) / Әскери бөлімдер жас мамандармен толықты
Фото:
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметінен

Білім ордасынан 2022 жылдың жазында бітірген жас офицерлер мен сержанттар Қарулы күштердегі қызмет жолына ресми түрде кірісуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Аягөз гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда жас мамандар жеке құраммен танысып, қызмет процеске кірісу үшін оларға әскери бөлімдерден тәжірибелі офицерлер мен кәсіби сержанттары тәлімгер етіп тағайындалуда. Жаңа ұжымға қосылуға, әскери бөлімнің қызметін зерттеуге бөлім командирлері көмектесетін болады.

Биыл әскер қатарын әдеттегідей Қарулы күштер үшін офицер кадрлардың негізгі ордасы саналатын қазақстандық әскери жоғары оқу орындары мен Щучинск қаласындағы кәсіби сержанттарды оқытатын әскери коллдежі түлектері толықтырғанын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдері мен құрамаларында басым көпшілігі Құрлық әскерлері әскери институтының түлектері және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын бітірген жас лейтенанттар іске кірісуде.


Мен офицер атанып, Қазақстан әскерінің офицерлерімен бір қатарға тұратын сәтті көп күттім. Алдағы уақытта жақындарым мен командирлерімнің үмітін ақтауға тырысамын. Елімнің игілігі мен Отанға қызмет ету жолында абыроймен қызмет етемін, – деді Құрлық әскерлері әскери институтының түлегі лейтенант Мұхаммедәлі Икрам.

Следующая →