ШҚО полицейлері облыстағы 23 апаттық қауіпті аймақты есепке алды
ШҚО полицейлері көшелер мен автомобиль жолдарына 400-ден астам тексеру жүргізді
Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік жарақаттары проблемасына назар аудару мақсатында Жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығын өткізуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Айлық аясында көшелер мен автомобиль жолдарына 400-ден астам қосымша тексеру жүргізілді, 23 авариялық қауіпті учаске есепке алынды, орын алған кемшіліктерді жою бойынша 350 нұсқама берілді, Жол-коммуналдық органдардың 15 лауазымды тұлғасы жолдарды қауіпсіз жағдайда ұстау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жөндеу және реконструкциялау орындарында қосымша 130-дан астам ескерту белгілері орнатылды, жол иелері тағы 250 белгіні ауыстыру бойынша шаралар қабылдады, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.
Сондай-ақ, жол белгілерін жаңарту және жүріс бөлігі жабынының ақауларын жою бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.