Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аягөз гарнизонында жауынгерлер тактикалық оқу-жаттығу барысында машығын жетілдірді

Аягөз гарнизонындағы танк құрамасында шынайы ұрысқа барынша жақындатылған жағдайда бөлімшелердің далалық дағдысын және үйлесімділігін жетілдіру үшін «Майлин» полигонында арнайы роталық тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягоз (Аягозский р-он) / Аягөз гарнизонында жауынгерлер тактикалық оқу-жаттығу барысында машығын жетілдірді

Басты мақсаты – роталардың жауынгерлік әзірлігін жетілдіру, олардың үйлесімділігін тексеру және әскери қызметшілердің өздерінің функционалдық міндеттерін іс жүзінде орындағанына баға беру, сондай-ақ практикалық машықты шыңдау. Жеке құрам арнайы тапсырмаларды орындар алдында қауіпсіздік шараларымен танысты. Бұл оқу-жаттығу жеке құрамның теорияда алған білімін іс жүзінде орындап, тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. 

Полигонда өткен оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер заңсыз қарулы топтарды жою жөнінде шартты тапсырманы орындады. Осындай тапсырмаларды орындау барысында ойламаған жерден шабуыл жасаған қарулы топтың алдын алу және жеке құрамның үйлесімді іс-қимылы пысықталды. Сарбаздар жауынгерлік машиналардан және штаттық қарудан атыс жүргізіп, тәжірибе жинақтады, – деді танк батальонының командирі майор Ринат Сағындықов. 

 Нәтижелері бойынша жеке құрамның дайындығы басшылық тарапынан «жақсы» деп бағаланды. Шараға барлығы 60-қа жуық әскери қызметші қатысып, 15-тен астам әскери техника бірлігі жұмылдырылғанын айта кеткен жөн.

Следующая →