Аягөз гарнизонында жауынгерлер тактикалық оқу-жаттығу барысында машығын жетілдірді
Общество Аягөз гарнизонында жауынгерлер тактикалық оқу-жаттығу барысында машығын жетілдірді Аягөз гарнизонындағы танк құрамасында шынайы ұрысқа барынша жақындатылған жағдайда бөлімшелердің далалық дағдысын және үйлесімділігін жетілдіру үшін «Майлин» полигонында арнайы роталық тактикалық оқу-жаттығуы өтті Басты мақсаты – роталардың жауынгерлік әзірлігін жетілдіру, олардың үйлесімділігін тексеру және әскери қызметшілердің өздерінің функционалдық міндеттерін іс жүзінде орындағанына баға беру...