ШҚО-дағы аяз балықшылар сайысына кедергі келтірген жоқ
Алтай ауданының Октябрьский кентінде "Бұқтырма балықшысы – 2026" мұз үстінде балық аулаудан екінші республикалық фестиваль өтті

Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам жиналған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Фестиваль жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, қатысушылар саны артып келеді. Мұндай шаралар ішкі туризмді дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және Шығыс Қазақстанның табиғи мүмкіндіктерін кеңінен танытуға ықпал етеді. Бұқтырма су қоймасы – өңіріміздің көрікті орындарының бірі. Осындай іс-шаралар оның туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Фестиваль жүлдегерлері:
- "Балықшы әйел" номинациясы - Ирина Сламихина (100 мың теңге)
- BIG FISH номинациясы - Ғали Темірғалиев (салмағы 173 грамм балық)
- III орын - Айқын Нурмухамбетов (300 мың теңге)
- II орын - Владимир Карпенко (400 мың теңге)
- I орын - Роман Иванов (500 мың теңге)


