Өскемен
Қалың бұлтты
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Семей
    -12°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -11°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Ақтау
    +3°
  • Атырау
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -9°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    -1°
  • Түркістан
    +5°
  • Орал
  • Шымкент
    +5°
$
502.6
+5.04
589.95
+3.03
¥
73.03
+0.48
6.5
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі live-концертке 12 мыңнан астам адам жиналды

Өскемендегі ірі сауда-ойын-сауық орталығында "Жастар таңдауы – жаңа Ата Заң" тақырыбында қоғамдық шара өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі live-концертке 12 мыңнан астам адам жиналды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын және алдағы референдумды қолдауға арналған кеште елге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Көрермендермен ашық диалог форматында өткен кешке қала мен облыстан 12 мыңнан астам адам жиналған.

Кештің алғашқы минуттарынан-ақ залда бірлік пен белсенділік атмосферасы сезілді. Жүргізушілер мен спикерлер азаматтық белсенділіктің маңызын, әр адамның ел болашағы үшін жеке жауапкершілігін ерекше атап өтті. Қатысушылар интерактивті бөлімдерге белсене қатысып, қол шапалақтау мен залдан жауап беру арқылы өздерінің нық ұстанымдарын білдірді.

Жиналған көпшілік алдында Конституцияны қолдау жөніндегі Жалпыұлттық коалицияның өңірлік штабының төрағасы мен мүшелері сөз сөйледі. 

Жаңа Конституция – мемлекеттің орнықты дамуының берік негізі. Оны қолдай отырып, біз тұрақтылықты, әділеттілікті және сенімді алға қадам басуды таңдаймыз. Өңір тұрғындары белсенді азаматтық ұстаным танытып, жарқын болашақ үшін дауыс береді деп сенемін, – деді Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Рыпаков Денис.

Кештің музыкалық бағдарламасында қазақстандық эстрада жұлдыздары Еркін Нұржанов, SADRADDIN және Мирас Жүгінісов өнер көрсетті. Олардың орындаулары кештің шарықтау шегіне айналып, әсіресе жастардың ыстық ықыласына бөленді.

Следующая →