Өртке оранған үйден екі баланы алып шыққан
Алтай ауданының Соловьево ауылындағы үйлердің бірінен өрт шығып, ішінде балалар қалып қойған

Төтенше жағдайды байқаған ауыл тұрғыны Руслан Сеитов ойланбастан от ішіне кіріп кетіп, балаларды аман алып шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Күшті өрт пен қою түтіннен үйге есіктен кіре алмаған ол терезені сындырып, қорқып қалған балаларды алып шығып, өз үйіне алып келген. Көршілерге өрт туралы есертіп, жанып жатқан үй ішінде қалып қойған қарияға көмектесуге қайта оралған.
Куәгерлердің айтуынша, сұрапыл сәтте Руслан нық әрі сенімді, батыл әрекет еткен. Ал өзі бұны батылдық деп санамайтынын және мұндай жағдайда басқаша әрекет ету мүмкін еместігін айтады.
Айта кету керек, Руслан Сеитов Соловьев орта мектебінде дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді.