ясно
°
$
503.35
-2.36
590.63
-0.80
¥
72.28
-0.23
6.62
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шемонаиха ауданында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер анықталды

Тек геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ғана лицензиясы бар компания тау жынысын заңсыз өндірген

Усть-Каменогорск и ВКО / Шемонаиха (Шемонаихинский р-он) / Шемонаиха ауданында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер анықталды
Фото:
t.me/afm_rk

Компания 70 мың тоннадан астам пайдалы қазба өндіріп, өңдеп, Қытайға сатқан және 1 млрд теңгедей табыс көрген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Шемонаиха ауданында орналасқан "Глинковское" кен орнында пайдалы қатты қазбаларды заңсыз өндіру мен өткізуді ұйымдастырған компанияға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

Компанияның лицензиясы тек геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ғана құқық берген. Алайда пайдалы қазбаларды өнеркәсіптік көлемде өндіруге рұқсат болмаған. Соған қарамастан, іс жүзінде құрамында темірі бар тау жынысын өндіру, оны қайта өңдеу, жинақтау және ішкі нарықта, сондай-ақ Қытай Халық Республикасына өткізу жұмыстары жүргізілген, - делінген ҚМА ақпаратында. - Ауыр арнайы техниканы қолдану қоршаған ортаға теріс әсер етіп, жер бедерінің табиғи қалпының бұзылуына және жердің тозуына әкеп соққан. Заңсыз өндірілген өнімнің жалпы көлемі 70 мың тоннадан асқан. Алынған қылмыстық табыс сомасы 1 млрд теңгеден асқан.

Аталған қаражатқа күдіктілер жылжымалы және жылжымайтын мүлік: бизнес-орталық, Алматы қаласынан пәтер, "LAND ROVER RANGE ROVER" маркалы автокөлік, 2 автотұрақ орны және 2 жер телімі сатып алған.

Сот санкциясымен бұл мүліктерге тыйым салынды.

Айта кетейік, бұған дейін департамент Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы аумағындағы "Шыбынды" және Самар ауданының "Кенкарын" учаскелерінде ауыр арнайы техника мен өнеркәсіптік жабдықтарды пайдалана отырып, алтынды заңсыз өндірумен айналысқан екі қылмыстық топтың қызметін тоқтатқан.

Аталған заңсыз әрекеттер орман алқаптарының кесілуіне, өзен арналарының өзгеруіне және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына әкеліп, экологияға елеулі зиян келтірген.

Заңсыз кен өндіруді тоқтату табиғи ортаның одан әрі бүлінуінің алдын алып, өңірдің экологиялық қауіпсіздігіне төнген қатерді жоюға мүмкіндік берді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Шемонаиха Заңсыз пайдалы қазба өндіру ҚМА