Алтай қаласында аулада тұрған көлікті біреу айдап кеткен
ШҚО полицейлері автокөлікті ұрлап кеткен адамады ізін суытпай ұстады

Ол 21 жастағы азамат болып шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алтай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғынынан үйінің ауласынан өзіне тиесілі "ВАЗ-2107" маркалы автокөлігінің ұрланғаны туралы арыз түскен.
Аталған факті бойынша "Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД. - Патрульдік полиция взводының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол 21 жастағы азамат болып шықты. Ұрланған автокөлік табылып, заңды иесіне қайтарылды.
Полиция азаматтарды автокөлікті пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Көліктеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар, есіктерді құлыптап, ұрлыққа қарсы құралдарды қолданыңыздар.