Өскемен
Бұлтты
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Семей
    -1°
  • Алматы
    +9°
  • Риддер
    -1°
  • Астана
    -1°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Ақтау
    +12°
  • Атырау
    +17°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +16°
  • Түркістан
    +18°
  • Орал
    +9°
  • Шымкент
    +18°
$
482.33
557.57
¥
70.05
5.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алтайлық қыз-келіншектер тегін кешенді медициналық тексеруден өте алады

Ертең Өскеменде "Ауыл тұрғындары үшін қолжетімді медицина" республикалық акциясы аясы өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Алтай (район Алтай) / Алтайлық қыз-келіншектер тегін кешенді медициналық тексеруден өте алады
Фото:
Устинка LIVE

Онкология және хирургия орталығының дәрігерлері Алтай ауданының тұрғындарын қабылдайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Алтай ауданында тұратын азаматшалар 1 қараша күні сағат 9.00-де Шығыс Қазақстан облысының көпсалалы онкология және хирургия орталығында (мекенжайы: Өскемен қ., Потанин к-сі, 6, 1-корпус) тегін чекаптан өтеді.

Акцияның мақсаты – ауылда тұратын әйелдердің денсаулығын қорғау, сырқат түрін ерте кезеңде анықтау және онкологиялық өзгерістердің алдын алу.

Тексеру барысында келесі қызмет түрлері көрсетіледі:

  • маммография;
  • ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ);
  • төмен дозалы компьютерлік томография (ТДКТ);
  • онколог-дәрігерлердің кеңестері;
  • басқа да профилактикалық және диагностикалық процедуралар.

Айта кеткен жөн, Алтай ауданынан келетіндерді орталыққа дейін жеткізу ұйымдастырылады. Барлық сұрақтар бойынша 8 771 987 6011 нөміріне хабарласу қажет.

Следующая →