Өскеменге жолаушылар тасымалына арналған жаңа 20 автобус жеткізілді
Облыс орталығында қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары жалғасуда

Әр автобус 100 жолаушыға арналған. Бұл автобустар қаладағы негізгі және халық көп қатынайтын бағыттарға беріледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін қала автопаркін толықтырған 20 жаңа автобустың жай-күйімен таныстым. Бұл көліктер ескі үлгідегі автобустардың орнын басып, тұрғындарға заманауи, ыңғайлы және қауіпсіз тасымалдау қызметін ұсынуға арналған, - дейді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов. - Әр автобус 100 жолаушыға арналған, оның ішінде 26 – отыратын орын. Көліктер төмен еденді, ортаңғы есігінде пандус орнатылған. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қоғамдық көлікке отыруға ыңғайлы. Арнайы жабдықталған орындарда қауіпсіздік үшін жұмсақ арқалық пен ашылатын тұтқалар қарастырылған.
Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.