Бұқтырмада бөдененің жұмыртқасындай ірі бұршақ жауды
14 шілдеде Жаңа Бұқтырма кентінде ерекше ірі бұршақ жауып, тұрғындар мен демалушылардың үрейін алды

Зардап шеккендер жоқ, алайда көліктердің терезесін сындырып кеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Демалып жатқандар әлеуметтік желіде бұршақ суреттерін жариялап, көлемі "теннис добындай", "бөдененің жұмыртқасындай" деп жазып жатты. Бұршақтың ірілігінен кей көліктердің әйнегі сынып кеткен.
Демалыс орындарында және ашық аспан астында демалушылар шұғыл түрде баспана іздеуге мәжбүр болды. Зардап шеккендер жоқ, - деп мәлімдеді Алтай ауданы әкімдігіндегілер.
Қатты бұршақ кезіндегі сақтық шаралары:
- Ашық аспан астында қалмай, бірден жабық күрке немесе ғимаратқа кіріңіз.
- Терезелерге жақындамаңыздар - қатты соққыдан шыны сынуы мүмкін.
- Көліктерді шатырдың астына немесе қорғалатын орындарға қойыңыз.
- Үй жануарларын сарайларға кіргізіңіз.
- Найзағай жарқылдаса, суға түсуге болмайды.