Алтай ауданының тұрғыны тауық өсіру үшін 3 млн теңге несие алған
Парыгин ауылдық округінде тұратын кәсіпкер Шырынгүл Пяткова құс шаруашылығын тұрақты табыс көзіне айналдырған

Ол былтыр "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша 60 айға бөліп төлеуге 2,5% жеңілдікпен 3 млн теңге алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алынған қаражатқа Ломан браун тұқымды тауықтар, 320 жұмыртқаға арналған инкубаторы, сондай-ақ тоңазытқыш жабдықтары сатып алынды. Қалған қаражатқа 40 шаршы метрлік қора мен ұялары бар жазғы орынжай салу үшін құрылыс материалдары алынған.
Мемлекет ұсынып отырған қолдаудың арқасында кәсібімді кеңейтіп, отбасылық табысымызды арттыруға жол ашылды. Жыл басынан бері 600-ге жуық бройлер балапанын инкубациялап шығардық. Қазіргі таңда 300-ден астам тауық өсіп жатыр. Алдағы уақытта Парыгино ауылы мен Алтай қаласының тұрғындарына құс өнімдерін тұрақты түрде жеткізуді жоспарлап отырмыз. "Ауыл аманаты" – нағыз ауыл тұрғындарының әлеуетін көтеретін, нақты нәтиже беретін бағдарлама, – дейді кәсіпкер Шырынгүл Пяткова.
Кәсіпкердің айтуынша, тұрғындар тарапынан экологиялық таза, үй жағдайындағы жұмыртқа мен ет өнімдеріне сұраныс жоғары.
"AMANAT" партиясының "Ауыл аманаты" бағдарламасы ауылдық жерлердегі шағын кәсіпкерлікке серпін беріп қана қоймай, елді мекендерде тұрақты табыс көзін қалыптастыруға, ауылдың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастама екенін уақыт дәлелдеп отыр.