Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +31°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +34°
$
524.24
+3.31
612.94
+3.87
¥
73.15
+0.47
6.68
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағайдағы Ақ Берел өзені арқылы өтетін көпір жөнделеді

Туристік аймақтан өтетін көпір апатты жағдайда және тез арада жөндеуді қажет етеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Катон-Карагай (Катон-Карагайский р-он) / Катонқарағайдағы Ақ Берел өзені арқылы өтетін көпір жөнделеді
Фото:
ШҚО туристік ақпараттық орталығы

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл көпір Жамбыл ауылдық округінің аумағында, Язевое көліне апаратын аудандық маңыздағы автожол бойында орналасқан. Бұл жол "Өскемен – Алтай – Рахман қайнары" республикалық автожолына жалғасады.

Язевое көлі туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие. Алайда Ақ Берел өзені арқылы өтетін ағаш көпір апатты жағдайда тұр. Ол 1974 жылы салынған, 90 пайызға тозған. Көпірге шұғыл түрде қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажет, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Мәселені шешу үшін қазіргі таңда көпірді қайта жаңғырту бойынша жоба әзірленді. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен конкурстық рәсімдер жүргізу үшін қаражат бөлінді.

Облыс әкімі Катонқарағай ауданының әкіміне жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп, көпірді қайта жаңғыртуды аяқтау бойынша ұсыныстарды 15 шілдеге дейін енгізуді тапсырды.

Следующая →