Алтай ауданында ертеңнен бастап жылу өшіріледі
Алтай, Серебрянск қалалары мен Жаңа Бұқтырма кентінде жылу беру тоқтатылады

Фото:
pexels
Сыртқы ауа температурасының тұрақты орташа сөткелік мөлшері +10С жеткеніне байланысты 2024-2025 жылғы жылу беру маусымы аяқталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
30 сәуірден Алтай, Серебрянск қалаларында және Жаңа Бұқтырма кентінде жылу беру жүйесі өшіріледі. Ыстық сумен жабдықтау жүйесі Алтай қаласында және Жаңа Бұқтырма кентінде 2025 жылғы 1 маусымнан 1 қыркүйек мерзіміне дейін тоқтатылады, - деп хабарлады Алтай ауданының әкімдігі.