Тарбағатайда оқушыларға арналған саз мектебі бар
Бүгінде Ақжар ауылындағы музыкалық мектеп 260 баланың шығармашылық қабілетін шыңдауда

Олар 7 бағыт бойынша білім алып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Домбыра, қобыз, жетіген және баянда ойнауды үйреніп, вокал мен хореографияға қатыса алады. Мектептің басты мақсаты – балалардың шығармашылық қабілетін ашу, эстетикалық талғамын қалыптастыру және өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әр баланың бойындағы дарынды байқап, оны ары қарай дамытуға жағдай жасаймыз. Оқушылардың өнерлерін шындау үшін ансамбльдер мен оркестрлерде дайындықтар өткіземіз. Шығармашылық кештер, мерекелік концерттер мен аудан ішінде ұйымдастырылатын шараларға қатысамыз. Бұл балалардың сахнада тәжірибе жинақтауына және өз-өздеріне деген сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді, - дейді Ақжар балалар саз мектебінің директоры Ажар Қабатаева.
Айта кетейік, мұндағы оқушылар аудандық, облыстық және республикалық байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.