Тарбағатайдағы Сарыөлеңде 8 ай ішінде жаңа мектеп салынды
Тәуелсіздік мерекесіне орай жаңа білім ордасының салтанатты ашылуы өтті

Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Сарыөлең ауылындағы бір қабатты мектеп құрылысы биыл сәуір айында басталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мектепті ашылуына облыс және аудан деңгейіндегі өкілдер, білім саласының басшылары, мәслихат депутаттары мен партия өкілдері қатысты.
Заманауи талаптарға сай салынған мектеп ауыл балалары үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырып отыр.
Бұл мектеп – ауылдың әлеуметтік дамуына серпін беретін маңызды нысан. Қысқа мерзім ішінде, небары 8 айда бой көтерген білім ордасы – мемлекет тарапынан білім саласына көрсетіліп отырған нақты қолдаудың нәтижесі. Мұнда оқитын балаларға сапалы білім алып, өз әлеуетін толық ашуға барлық мүмкіндік жасалған, – деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.
Жаңа мектеп – ауылдың келешегіне, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жасалған маңызды инвестиция. Тарбағатай ауданында білім саласын дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасын табады.