Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +1°
  • Орал
    -7°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +1°
$
519.61
-2.77
610.13
-2.47
¥
73.73
-0.32
6.54
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгін - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланған күн

1991 жылғы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңы қабылданды

Новости Казахстана / Бүгін - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланған күн
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еліміздің басты мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады. Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз, - деп атап өтті Президент. - Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қатар, тың мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуір басталды. Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде болашаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бірлігімізді сақтауымыз керек. Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, Қазақстанды көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. 

Президент қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетерімізге сенім білдірді. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құратынымызды атап өтті.

Следующая →