Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +30°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +26°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +33°
$
518.5
-0.76
601.62
-0.51
¥
72.28
-0.11
6.61
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатай ауданында күзде жаңа мектеп ашылады

Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Сарыөлең ауылында жаңа білім ордасы салынып жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Акжар (Тарбагатайский р-он) / Тарбағатай ауданында күзде жаңа мектеп ашылады
Фото:
pexels

Қыркүйек айында оқушылар жаңа мектепке бармақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Биыл Сарыөлең ауылында 50 орындық жаңа мектептің құрылысы басталып жатыр, - дейді Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Марат Қызов. – "Халық саны аз ауылға мемлекеттің қаражатын шығындап, жаңа мектеп салудың қажеті қанша?" деген пікірлер де болды. Бірақ біз 20 оқушы болса да сол ауылдың болашағын жасауға міндеттіміз. Сол ауылда тұруға қолайлы жақсы үйлер де бар. Қазір оңтүстік өңірлерден келіп қоныстануға қызығушылық танытып жатқан көпбалалы отбасылар бар. Сондықтан да біз бұл ауылдың болашағы бар деп сенеміз.

Білім беру саласы бойынша аудандағы ең өзекті мәселелер - Қыдырбек Билялов атындағы мектеп-лицей ғимаратына күрделі жөндеу және Тұғыл ауылындағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің жанындағы ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу. Биыл жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Биыл Тұғыл ауылындағы Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі мен Құйған орта мектебіне күрделі жөндеу, ал Абай атындағы орта мектебінің спорт алаңына ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Одан өзге, Қарасу ауылындағы Қ. Қайсенов атындағы орта мектебінің, Ақжар ауылындағы М. Әуезов атындағы мектеп-интернат-колледжінің, Жаңалық ауылындағы К. Жарылқасынов атындағы орта мектебінің жылу жүйелері жөнделіп, Асусай мектеп балабаша кешенінің жылу қазандығы, электр жүйесі ауыстырылады.

Сондай-ақ, Ш. Уалиханов атындағы және Қ. Ақынов атындағы орта мектептерінде жаңа модификацияланған STEM кабинеттер ашылмақ.

Следующая →