Тарбағатай ауданында алғашқы заманауи демалыс орны пайда болады
Байтоғас пен Қарсақбай ауылдары арасында заманауи демалыс аймағы бой көтермек

Жер телімдері таңдалып, кәсіпкерлер демалыс үйлерін салуға кіріспек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ермек Көшербаевтың тұсында Тарбағатай ауданы "Үздік туристік аймақ" жобасы бойынша 200 млн теңге ұтып алған. Қазір сессияда қаралуда, 200 млн теңге бөлінген жағдайда жағажайды абаттандыру жұмыстарын бастаймыз, - дейді Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Марат Қызов. – Демалыс үйлерін салу үшін 172 жер телімі кәсіпкерлерге аукцион арқылы беріледі. Қазірдің өзінде 30 жер телімі берілді, алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталады. Әзірге бұл жер телімдері 2 жылға жалға беріледі, кейін кәсіпкер сатып ала алады.
Жағажайда тоқ пен су тарту мәселесі демеушілердің көмегімен жүргізілуде. Электр жүйесімен және таза ауыз су мен қамтамасыз еткен соң демалыс орындарының құрылыс жұмыстары қарқынды түрде басталады деп күтілуде.
"Жайсаң" жағажайы – болашақта туристер мен жергілікті халық үшін сүйікті демалыс орнына айналмақ. Көркем табиғаты мен заманауи инфрақұрылымы бар жаңа демалыс аймағы ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуына зор үлес қосады деп күтілуде.
Не үшін дәл осы аймақ таңдалғанын айта кетсек, жағажайы құмды және терең емес. Балалар үшін де қауіпсіз. Қазір ауданның және көрші аудандардың тұрғындары да осы жерге келіп демалады. Қазірдің өзінде жеке кәсіпкерлер киіз үй, күркелер құрып жатыр, - дейді аудан әкімінің орынбасары.