Катонқарағай ауданындағы жабылған туристік маршруттардың бірі қайта ашылады
Өзен суы деңгейі көтеріліп кеткендіктен "Ақ Берел" туристік маршруты жабылған болатын

28 маусымнан бастап туристер осы бағытпен жүре беруіне болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өзендегі судың деңгейі төмендеп, мемлекеттік инспекторлар бағытты толық тексеріп, өткелдерден атты патрульмен өтіп көрді. Бұл маршрут — өте күрделі бағыттардың бірі. Сондықтан атқа міну тәжірибесі аз немесе алғаш рет келіп жатқан туристер бұл бағытпен жүрмегені абзал. Тәжірибелі гидпен және толық дайындықпен ғана жолға шыққан жөн, - деп ескертті Катонқарағай ұлттық паркінің баспасөз қызметі.