Тарбағатай ауданының орталығында жаңа аллея ашылды
Ақжар ауылындағы Қабанбай батыр саябағында Балалар күніне орай аллея ашылды

Қаладағыдай замануи отбасылық демалыс алаңы халық игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мұнда балалар үшін қауіпсіз ойын алаңдары, құрғақ субұрқақ, демалып отыратын орындар қарастырылған.
Бұл – тек демалыс орны ғана емес, балғын шақтың шаттыққа толы сәттері мен ата-анамен бірге өткізілетін ұмытылмас уақыттың мекені болмақ. Жаңа аллея – Ақжар ауылының көркін арттырып қана қоймай, балаларымыздың денсаулығы мен бақытты балалық шағы үшін жасалған маңызды қадам, - деп мәлімдеді аудан әкімдігіндегілер.