Үржарға енді ескі "АН-24" емес, SCAT-тың ұшақтары ұшады
Үржарға Алматы мен Астанадан күнделікті әуе рейстері ашылды – билет бағасы 16 мың теңге

Кеше Үржар ауылындағы әуежайға алғаш рет "SCAT" компаниясының 50 орындық "CRJ-200" ұшағы қонды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың әзілінен кейін Үржарға ұшатын ұшақ сынның астында қалған болатын.
Енді "Үржар-Алматы" және "Үржар-Астана" бағыттары бойынша "SCAT" компаниясының рейстері аптасына 7 рет, яғни күн сайын орындалады. Мемлекеттік субсидия есебінен билет бағасы – 16 мың теңге.
Сонымен қатар, туристік маусымға дайындық аясында Алакөл жағалауын абаттандыруға 658 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға Арбат жаңартылып, 5 шақырым жол асфальтталады, дәретханалар, киім ауыстыратын орындар, қоқыс жәшіктері мен бейнебақылау камералары орнатылады, - деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі. - Арбаттағы жүктемені азайту үшін жаңа қоғамдық кеңістік те салынып жатыр. Мұнда сауда орындары, сахна, субұрқақ және серуен аймағы болады.