Өскемен
ясно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +24°
$
510.81
+1.55
578.59
+3.84
¥
71.01
+0.15
6.51
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ақжар ауылынан Шіліктіге дейінгі жол жөнделіп жатыр

Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталмақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Акжар (Тарбагатайский р-он) / Ақжар ауылынан Шіліктіге дейінгі жол жөнделіп жатыр
Фото:
видеодан алынды

Ақжар – Шілікті жолының 78-93 шақырым аралығындағы 15 км учаскеге асфальт төселеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Тарбағатай ауданы әкімдігінің ақпаратына сүйеніп.

Тарбағатай ауданында көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы маңызды жобалар өз жалғасын табуда. Қазіргі уақытта "ОблШығысЖол" ЖШС мердігер мекемесі Ақжар – Шілікті жолының 78-93 шақырым аралығындағы 15 км учаскеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоба 2025 жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған, - деп мәлімдеді әкімдіктегілер.

Күні кеше атқарылып жатқан жұмыс барысын аудан әкімі Дархан Шомпайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Өмірхан Айкенұлы арнайы барып тексеріп қайтты. Жол сапасына, құрылыс қарқынына және техникалық талаптарға сай орындалуына баса назар аударылды.

Шекаралық аймақта орналасқан Жаңаауыл ауылдық округі тұрғындары үшін бұл үлкен қуаныш. Жолдың жақсаруы – ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың жүріп-тұруына, жедел жәрдем, мектеп, пошта, байланыс секілді қызметтердің қолжетімді болуына тікелей әсер етеді.

Следующая →