Өскемен
ясно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +24°
$
510.81
+1.55
578.59
+3.84
¥
71.01
+0.15
6.51
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде балаларға арналған инклюзивті анимациялық студия ашылады

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін студияны О. Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана ашпақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде балаларға арналған инклюзивті анимациялық студия ашылады
Фото:
bokeylibrary.kz

Студияның салтанатты ашылуы Балалар күні қарсаңында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

30 мамыр күні сағат 11.00-де арнайы мерекелік бағдарлама бойынша балаларға графикалық планшетті, "Жанданған суреттер" инновациялық жабдығын және арнайы бағдарламалармен қамтамасыз етілген "Осьминог" мультстудиясының жиынтығын пайдалана отырып, қарапайым анимациялық фильм сюжеттерін жасау дағдыларын үйретуге бағыталған шеберлік сабақтары ұйымдастырылады, - деп мәлімдеді кітапхананың баспасөз қызметі.

"Жанданған суреттер" ойын жабдығы графикалық планшетте салынған кейіпкерлерді үлкен экрандағы интерактивті проекция арқылы жандандыруға мүмкіндік береді. Жанданған интерактивті сурет-кейіпкерлермен өзара әрекеттесуге болады: оларды айналдырып, жылжытып, қозғалыс траекториясын өзгертуге болады. Осылайша, балалар ешқандай тәжірибесі болмаса да, "Жанданған суреттер" платформасында оқыған кітаптарындағы немесе ертегілердегі қарапайым сюжеттерді жасай алады.

"Осьминог" мультстудиясының құралдарымен балалар әртүрлі сюжеттік анимацияларды оңай үйрене алады. Жабдық жиынтығына театрдағыдай айналатын шағын сахна, көркем сахналық фондар (қала, ашық дала, ғарыш, су асты әлемі және т.б.), веб-камера, микрофон, жарық шамы кіреді. Оқыту нәтижесінде балалар бейнелеу өнері мен басқа да шығармашылық түрлерінің әртүрлі техникаларын меңгеріп, өзін режиссер, оператор, сценарист, мультипликатор-суретші рөлінде сезіну мүмкіндігіне ие болады.

Следующая →