Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатайлық әжелер арасында зияткерлік ойын өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында Тарбағатай ауданында дәстүрлі "Әжелер QUIZI" интеллектуалдық ойыны жоғары деңгейде өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Акжар (Тарбагатайский р-он) / Тарбағатайлық әжелер арасында зияткерлік ойын өтті
Фото:
Тарбағатай ауданы әкімдігі

ҚР даңқты ұстазы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қанипа Бітібаева атындағы ауыспалы кубогі үшін ұйымдастырылатын бұл сайыс ауданда 7-мәрте ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Әжелер QUIZI" алғаш рет Қанипа Бітібаеваның туған жері Жетіарал ауылында бастау алған болатын. Бүгінде бұл ойын аудан әкімі Дархан Шомпайұлының қолдауымен және ауданның өнерге жанашыр азаматтарының демеушілігімен жыл сайын дәстүрлі түрде өтуде. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бұл жоба қазіргі таңда республиканың түрлі өңірлерінің қызығушылығын оятып, кең көлемде танымал болуда, - деп мәлімдедң Тарбағатай ауданының әкімдігі.

"Әжелер QUIZI-нің" басты мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын жалғау, ата-баба салт-дәстүрін жаңғырту, сондай-ақ немере тәрбиесімен айналысып отырған әжелерімізге рухани демалыс сыйлау.

Жарыстың қорытындысы бойынша, ауданның әр тарапынан келген 14 команда 150-ге жуық әжелер мен аталар қатысқан тартысты ойында Жетіарал ауылынан келген "Хан Апа" әжелер ансамблі бас жүлдені иеленді.

Следующая →