Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасымен оған Арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 млрд теңге бөлді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді
Фото:
pexels

Медицина мекемесінде екі корпус: 148 орындық стационар және клиника науқастарына арналған 24 орындық қонақ үй қарастырылған, Устинка LIVE тілшісі ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.

Бас ғимаратта заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған зертханалар, сәулелік диагностика, кардиология, кардиохирургия, гематология, сүйек кемігін трансплантациялау және күрделі соматика бөлімшелері орналастырылады. Жаңа орталық науқастар емдеу мен оңалтудың озық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

imgonline-com-ua-Resize-Z6ACj4zTCwH.jpg

Жобаның жалпы құны – 71,3 млрд теңге. Бүгінде нысанның 78%-ы аяқталған. Ғимараттың қаңқасы тұрғызылып, сыртқы инженерлік желілер тартылған, шатыр, қасбеті, терезе блоктары дайындалып, ішкі әрлеу жұмыстары ішінара аяқталған.

Орталықта күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, соматика бөлімшесі, кардиология, кардиохирургия, сүйек кемігін трансплантациялау, химиотерапия бөлімшесі қарастырылған. Біз ультра жүйелік жабдықты орнатамыз. 2025 жылы екі ангиографиялық жүйе іске қосылады. Мұнда жоғары технологиялық медициналық операцияларды жасай аламыз. Бұл біздің пациенттерімізге және біздің мамандарға көбірек мүмкіндіктер береді. Бұл жабдық ТМККК-ға кіреді, - деп атап өтті ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәдина Мырзабекова.


Следующая →