Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ақсуатта дәстүрге айналған өнер және спорт фестивалі өтті

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін "Тұғыры биік Тарбағатай" фестивалі 30 маусым мен 2 шілде аралығында Ақсуатта өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Аксуат (Тарбагатайский р-он) / Ақсуатта дәстүрге айналған өнер және спорт фестивалі өтті
Фото:
видеодан алынды

Бұл күндері елдің жақсы-жайсаңдары түгелдей Тарбағатайда жиналды. Ырғызбай Досқанаұлының аруағына арнап ас беріліп, қазақ күресінен сайыс, ат жарысы және аламан айтыс ұйымдастырылды.

30 маусым күні Ырғызбай Досқанаұлына арнап ас берілді, ал 1 шілде күні жиналғандар қазақ күресін және айтыстың финалдық бірінші кезеңін тамашалады.

140 шақырымдық қазанат бәйгеге 100-ден астам ат қатысты. Таңғы сағат 4-те Көкпекті ауылы маңынан жіберілген сәйгүліктер арасынан 6 сағат 15 минутта рекорд жаңартып "Бақторы" топ жарды, - деп жазды фестиваль демеушісі Дулат Тастеккев. - Мәре сызығын бірінші болып кескен барлық сәйгүлік иелеріне су жаңа автокөлік кілтін табыстадық. Ал қалған қатысушылар мен алдыңғы топта оза шапқандарға ақшалай сыйлықтар үлестірдік.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Катонқарағай ауданының сәйгүлігі 7 сағат 12 минутта келіп, рекорд орнатқан болатын. Биыл Жетісу облысынан қатысқан Мұрат Күлтековтің "Бақторы" сәйгүлігі рекорд жаңартты.

Ал фестивальдің үшінші күні айтыстың жеңімпазы анықталып, шабандоздардың ат жарысымен жалғасты. Кешке Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды. Ел назарын өзіне аударған өнер және спорт фестивалі отшашумен аяқталды.

Следующая →