Самар ауданында "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы бойынша 11 жаңа үй салынады
Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін салынатын бұл жер үйлердің құрылысна 105 млн теңге қарастырылған
Бұл туралы Самар ауданы әкімінің орынбасары Дамир Ордаханов айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Бір қабатты шығыс" бағдарламасы бойынша биыл 11 жер үй бой көтереді.
Сондай-ақ, жеке инвестор Самар ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңартып жатыр. Қайта құру "of take contrakt" шарты бойынша жүргізіледі. Осы мақсаттардың барлығына 933 млн теңге жұмсалады, - деді Дамир Ордаханов.
Сонымен қатар, Дамир Ордаханов Самар ауылында сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуды жалғастыруға 693,9 млн теңге бөлінгенін айтты. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Самар ауылында "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша 247 млн теңгеге көшелердің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 360 млн теңгеге Палатцы ауылына кіретін жолға орташа жөндеу, 3,5 млн теңгеге Аққала ауылының жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, - деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, 2023 жылы Қайыңды ауылында электрмен жабдықтау жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сарыбел ауылында бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде және қатты тұрмыстық қалдықтар қоршауын орнату жоспарланған.