Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатайда бензин жоқ, бекеттер бағаны көтермекші

ШҚО Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылының тұрғындары бензин тапшылығына шағымдануда

Усть-Каменогорск и ВКО / Аксуат (Тарбагатайский р-он) / Тарбағатайда бензин жоқ, бекеттер бағаны көтермекші

Ауылдағы жанармай құю бекеттері бензин сатпай отыр екен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл мәселенің пайда болғанына бір аптадай уақыт болған. Күнде жанармай бекеттеріне баруып шаршаған ауыл тұрғындарының бірі мәселені шешіп беруді сұрап әлеуметтік желіде видео жариялады.

Соңғы бір апта болды Ақжарда бензин жоқ. Жылда осылай кәсіпкерлер бірнеше күн бензин сатпай халықты зарлатып, бағаны көтеріп алады. Ақыры шарасыз сатып аласың. Жақын маңнан ала қоятындай жер жоқ. Осы жылдың қаңтар айында тағы жанармай бойынша дабыл қаққанбыз. Баға 200 теңгеден асып кетті. Сол кезде әкімдіктегілер келіп, алты айға дейін қымбаттамайтынын айтты. Бірақ үш айдан кейін баға тағы шарықтады, - дейді Ақжар ауылының тұрғыны Жарас Тұрысбеков.

Оның сөзінше, ауданда 1 литр бензиннің бағасы 210 теңге екен.

Қазір Ақжардағы үш жанармай бекеті бар. Ешқайсысы бензин сатпай отыр. Бағаны тағы көтеруді көздейді. Көліктер тізіліп тұр. Арасында бір тоннадан ғана там-тұмдап береді. Ал аудан орталығында 7 мың халық бар. Қайсысына жетеді? Сырттан келіп-кетер басқа көлікті айтпағанда... Бұл әдейі істеліп отыр. Ауыл-ауылдың арасына қатынаудан қалдық. Кейбірі 100 шақырым жердегі Боғасқа барып бензин құяды, - дейді Жарас Тұрысбеков.

Көлік жүргізушілерінің сөзіне сүйенсек, Ақжарда жанармай жоқ кезде Боғас ауылындағы май құю бекеті әр көлікке 20-30 литрден артық бензин бермейді екен. Ал аудан орталығынан 100-150 шақымда жатқан ауылдар бар. Олардың Боғасқа жетуі қиямет көрінеді.

Аталған жағдайды Тарбағатай аудандық әкімдігі растап отыр.

Ақжар ауылындағы 4 ЖҚС-ның үшеуінде өткен аптаның жұма күні бензин бітіп қалды. Тек Ақжардан Тұғыл ауылына шыға беріс бір ЖҚС-да ғана бензин болды. Ал Тұғыл мен Ақмектеп ауылдарындағы ЖҚС-ларда бензин тапшылығы болған жоқ, - дейді ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Ермек Құрманғали. - Мәселеге байланысты аудан әкімі ЖҚС иелерін, мәслихат хатшысын, "Аманат" партиясы хатшысы, кәсіпкерлік бөлімінің басшыларын жинап жиналыс өткізді. Кәсіпкерлер Павлодардағы бұрыннан сатып алып жүрген қоймаларда бензин шағын ЖҚС иелеріне сатылмай жатқандығын айтты. Жиналысқа қатысушылар жанар-жағармайды басқа да көптеп сататын мұнай өнімдері қоймаларына хабарласып, мәселені бір-екі күнде жеделдетіп шешуге келісті. Тарбағатай ауданында Ай-92 маркалы бензин кешеден бері еркін сатылып жатыр.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі де мәселенің бірнеше күнде шешілетіндігін айтты.

Ауданымызда үш жанармай бекеті бар. Екеуінде бензин таусылып қалды. Қазір Ақжар ауылы бойынша бір, Тұғыл ауылы бойынша бір жанармай құю станциясы істеп тұр. Мәселенің туындауына жанармай бекеттеріне бензинның кешіктіріліп жеткізілуі себеп болып отыр. Баға өзгермейді. Алдағы уақытта бұндай мәселе қайталанбайды, - дейді Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ілияс Серікұлы.

Кәсіпкерлік бөлімі бағаның тұрақты болатынын айтқанымен, жанармай құю станцияларының бірінің иесі бензин бағасы өседі деп жорамалдайтынын айтады.

Cтанциямда бензин таусылғанына бір апта болды. Ал көрші станцияда бүгін сағат 11-де таусылған екен. Бензинді Павлодардан алдырамыз. Яғни, ондағы зауыттың өзінен емес, ортада тағы бір компания бар, солар жеткізіп береді. Олардан вагонмен ала алатындар ғана жанармай алады. Біз бензин тапшылығының себебі неде екенін өзімізге жеткізетіндерден сұрап жатырмыз. Олар бағаға қатысты болуы мүмкін дегенді айтады. Жалпы, расымен, қымбаттайтын кезде ылғи осындай жағдай болады. Бізге бензин жоқ екенін айтып бірнеше күн бермейді, артынан "бензин бар, бірақ енді бағасы мынанша болады, аласыздар ма?" деп хабарласады, - деді кәсіпкер Әсел Батырғалиқызы.

Айта кетейік, Тарбағатай тұрғындары Ақжарда "ҚазМұнайГаз", Qazaq Oil сынды ірі жанармай құю желілерінің бекетін ашуды көптен бері сұрап келеді. Себебі аудан көршілес Қытай елімен шекаралас жатыр. Оның үстіне облыс орталығынан 400 шақырымдай шалғайда орналасқан. Ресми деректерге сүйенсек ауданда 20 мыңға жуық халық бар.



Следующая →