40 қорап тірі шаянды Ресейге жібермек болған
Өскемен қаласының тұрғыны тірі шаяндарды Үшаралдан Барнаул қаласына жеткізбек болған
Заңсыз тасымалмен айналысқан ШҚО азаматы "Өскемен-Самар" тас жолы бойында ұсталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 желтоқсанда түнгі сағат 02.00 шамасында "Өскемен-Самар" тас жолының 62-ші шақырымында ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Газель" автокөлігін тоқтақан. Көлік тізгінінде облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны отырған, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Көлік құралын қарап тексеру барысында тәртіп сақшылары тиісті құжаттары жоқ тірі шаяндары бар 40 қорапты тапқан. Жүргізуші тірі шаяндарды Үшарал ауылынан Ресей Федерациясының Барнаул қаласына алып бара жатқанын айтқан.
Әрі қарай тексеру үшін ер адам Ұлан ауданы Асубұлақ ауылының КПб-ға жеткізілді, онда процестік шешім қабылдау мақсатында іс ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша ветеринариялық инспекцияға берілді. Ер адамға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі ақпаратында.