Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатайлық жасөспірімнің зорлық көргені рас па?

Тарбағатайдың Тұғыл ауылында жалғызбасты әкенің жалғыз қызына психикалық ауытқуы бар ер адам қиянат жасаған-мыс

Усть-Каменогорск и ВКО / Аксуат (Тарбагатайский р-он) / Тарбағатайлық жасөспірімнің зорлық көргені рас па?

Бұл туралы «Не молчи» қорының президенті Дина Таңсәрі өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Қор басшысына Тұғыл тұрғындарының бірі хабарласып, ауылдағы 12 жастағы қыздың зорлық көргенін жазған. Хат иесінің баяундауынша, анасы біраз уақыт бұрын қайтыс болған жасөспірім әкесімен бірге тұрады.

Әкесі ішкілікке әуес, үйге өзімен бірге ер адамдарды ертіп келеді. Жергілікті әкімдік те, қамқоршылық органдары да хабардар, бірақ ешқандай шара қабылдап отырған жоқ. Қыз өте ақылды, тәрбиелі. Өкінішке қарай, анасы өмірден ерте озды. Қыздың өміріне алаңдайтын едім. 3 күн бұрын әкесінің мас кезінде қызды 30 жастағы ер адам зорлап кеткен. Баланың тағдырын құртып, өзі бостандықта жүр. Бүкіл ауыл, мектеп бұл жайдан хабардар. Енді бұл жағдай жария болмауы үшін қызды Алматыға жіберіп, істі жауып тастамақшы, - деп қор басшысынан көмек сұраған хат иесі.

«Не молчи» қорының президенті Дина Таңсәрі құқық қорғау органдарынан мәселенің анық-қанығын анықтап, тиісті шара қабылдануын сұрады.

Бұл жарияланымның астына ШҚО Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.

Тарбағатай аудандық полиция бөлімі 12 қараша күні осы іске қатысты тергеу бастады. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толыққанды анықтау мақсатында жедел тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу ақпараттары жариялауға жатпайды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Яғни, бұл мәселеге қатысты толық ақпарат сот шешімінен кейін белгілі болмақ.

Следующая →