Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жалған ақшаны шын ақшадан қалай ажыратуға болады?

Биыл 250 ақша қолдан жасалғаны анықталған. Оның көбі 2000 теңгелік банкнот екен

Новости Казахстана / Жалған ақшаны шын ақшадан қалай ажыратуға болады?
Фото:
редакция мұрағатынан

Бұл туралы ҰБ банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асқат Мұқамадиевтің айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2022 жылдың алғашқы 10 айында жалпы сомасы 739 650 теңге болатын қолдан жасалған 250 ақша белгісін (247 банкнота мен 3 монета) анықтады. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 55%-ға аз (457 жалған ақша белгісі тәркіленді).

Биыл номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан көп жасалды – 161 дана, бұл – жалпы санның 64%-ы. Одан кейінгі орындарда номиналы 10 000 теңгелік – 27 дана (11%), 5 000 теңгелік – 24 дана (9%) жалған банкноталар тұр, қалған 16%-ы – басқа номиналдарға тиесілі. Қолдан жасалған ақшалардың көп бөлігі Алматыда тәркіленді – 126 дана (50%), Шығыс Қазақстан облысында – 59, Астанада – 22 дана, – деді Асқат Мұқамадиев.

Қазақстанда жалған банкноталар көп жағдайда компьютерлік техника мен кәдімгі офсеттік қағазда түрлі түсті принтердің көмегімен жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар көрнекі қорғаныш элементтерін түпнұсқаға мейілінше ұқсатуға тырысады.

Шын ақшаны жалған ақшадан кез келген адам ажырата алатын қарапайым ережелер бар:

Барлық банкнотада көру қабілеті нашар адамдарға арналған, қолмен ұстағанда жақсы білінетін шығыңқы жоғары бедерлі элемент түрінде белгілер бар.

imgonline-com-ua-Resize-NPRShf7utf.jpg

Банкнотаның түсі анық әрі айқын болуға тиіс, су таңбасы мен номиналдың цифрлық бейнесін көру үшін банкнотаны жарыққа ұстап қараған дұрыс.

imgonline-com-ua-Resize-PpV1vNT5vn.jpg

Банкнота бетіндегі үзік-үзік түрінде шығатын жазбалары бар жіпке назар аударыңыз, оны жарыққа тосып қарағанда бір тұтас жіп болып анық көрінеді.

imgonline-com-ua-Resize-ovDy6r7jLUJjSH.jpg

Номиналы 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноталарда түрлі түсті бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар екенін атап өткен жөн. Банкнотаның көлбеу бұрышын өзгерткен кезде бейнелердің түсі жасыл түстен алтын түске дейін өзгереді.

imgonline-com-ua-Resize-8g7tBEqvijYUC.jpg

Сондай-ақ, барлық банкнотада бедер жасайтын арнайы баспа бар.

imgonline-com-ua-Resize-zHZKfAir5Nx.jpg

2022 жылғы үлгідегі номиналы 20 000 теңгелік банкнотадан жарты терезедегі голографиялық жолақты көруге болады. Жолақтың түс алмасу және динамикалық әсерлері бар.

imgonline-com-ua-Resize-xtQ5HGRQTdP.jpg



Следующая →