Ақсуат ауданында бірнеше жер үйдің іргетасы қаланды
Бұл үйлер ауданның әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылары үшін салынбақ
Республика күні мерекесі қарсаңында Ақсуат ауданында мемлекеттік қолдау аясында 26 пәтерлі 13 баспананың іргетасы қаланып, құрылысы басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Ақсуат ауылындағы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға арналған зәулім үйлердің дизайны да тартымты етіп жасалмақ. Әр пәтердің жалпы аумағы 85 шаршы метрді құрайтын болады, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Осылайша баспанаға мұқтаж ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселесі біртіндеп шешіліп келеді.