Тарбағатайдағы 140 шақырымдық бәйге Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін
Абай облысының Ақсуат ауданында өткен "Тұғыры биік Тарбағатай" фестивалінде бұған дейін орнатылған рекордты катонқарағайлық жаңартты, ол 140 шақырымдық жолдың мәре сызығын 7 сағатта кескен
Дәл осындай жарыс шығыста 2019 жылы өткен болатын. Онда 106 жүйрік топқа түссе, бұл жолы іріктелген 20 тұлпар сайыстың көрігін қыздырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Жарыс басы таңғы сағат 4-те Көкпекті ауданында басталып, 17 жүйрік жолға шыққан. Алтауы болдырып жолда қалса, қалған шабандоздар түс ауа Екпін ауылындағы атшабарға жеткен. Катонқарағай ауданының "Тарпаң" атты арғымағы 7 сағат, 12 секундта мәре сызығын қиды.
Жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша, биылғы бәйгеде рекорд жаңарды. Бұл нәтиже Гиннестің рекордтар кітабына енуі әбден мүмкін.
Осыдан үш жыл бұрын 7 сағат, 37 минутта өткен болатын. Рекорд жаңарды, 24 минутқа. Біз Гиннестер рекордына өтінім бергенбіз. Пандемияға байланысты тоқтап қалды. Бұйырса, паттенттеліп, қазақтың қазанаты тұңғыш рет 140 шақырымға шапты деп әлемге жар салуымызға болады, - деді "Ұлы дала қазанаты" жарысының ұйымдастырушысы Бәделхан Қамалханұлы.