Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"5:32" веб-сериалын түсіргендер жауапқа тартылуы мүмкін бе?

Қатыгез адам өлтіру қылмысын ашып, маньяктарды ұстаған қазақстандық полицейлер туралы баяндайтын "5:32" веб-сериалы көпшіліктің көңілінен шыққан еді

Новости Казахстана / "5:32" веб-сериалын түсіргендер жауапқа тартылуы мүмкін бе?

Сериал 1990 жылдары болған шынайы оқиғаларға негізделген. Басты рөлдерде Әбілмансұр Серіков пен Марат Әміраев ойнайды. Сериалды түсіргендер Salem Social Media ЖШС және режиссері Әлішер Утев.

608-беттен тұратын "Вне протокола. Тайны громких преступлений в Казахстане" кітабының авторы Асқар Жалдинов осы сериалды түсіргендерді сотқа бермек. Өйткені өзінің кітабындағы оқиғалар айна қатесіз көшірілгеніне наразы, деп жазады Устинка LIVE тілшісі.

Автор статистикалық деректер мен мұрағат материалдарын қолдана отырып, ең қорқынышты және резонанс тудырған қылмыстық істерден жинақ жасаған. Оқиғалар қылмыстарды ашу бойынша шұғыл-тергеу топтарының құрамында болған бұрынғы және қазіргі полиция қызметкерлерінің естеліктері бойынша жазылған.

Өткен жылы сотқа берген жоқпын, өйткені бәлеқор атанып, дау-дамайдың ортасында жүргім келмеді. Бірақ, биыл Salem Social Media компаниясы мен олардың құрылтайшысы, Еуразия өнеркәсіптік тобы – ERG тарапынан жасалған іс-әрекеттер мені осы шешімді қабылдауға итермеледі және "спорттық қызығушылығымды" тудырды. Енді мен өз ақиқатымды сотта дәлелдегім келеді және сериал түсіргендердің осындай өрескел әрекеті үшін жазаланғанын қалаймын. Сот талабы да жақында болады, - деді ол өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Следующая →