Ақжар ауылына жарық шамдары орнатылады
Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының 17 көшесіне жарық шамдары орнатылады. Көшелерді жарықтандыру үшін облыстық бюджеттен 54 млн теңге қаражат бөлінді
Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облыстары бөлінгеннен кейін, Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылы болып бекітілді. Аудан орталығын көркейтіп, көріктендіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Ақжар ауылының жарықтанбаған 17 көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында құны 54 миллион теңге болатын жобалық-сметалық құжат жасалып, тендер ойнатылған болатын. Тендерді Семейлік кәсіпкер ұтып алып, бүгінгі күні Ақжар ауылына келіп жұмысын бастады, - деп атап өтті Тарбағатай ауданының әкімдігінде.
Жалпы Ақшар ауылында 45 көше бар. Осы көшелердің негізгілері алдағы уақытта ауыл көшелері сапалы жарық шамдармен толығатын болады.