Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: халықты қайта вакцинациялауды жандандыру қажет

Бұл шара бүкіл ел бойынша қысқа мерзім ішінде COVID-19 ауруының айтарлықтай өсу деңгейіне байланысты

Новости Казахстана / Медицина в Казахстане / Минздрав РК: необходимо активизировать кампанию ревакцинации населения
Фото:
ortcom.kz

COVID-19-дың таралуын болдыртпау жөніндегі ведомствааралық комиссия отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады. 

ҚР - да соңғы аптада КВИ - дің 8 156 жағдайы тіркелді және өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 3,2 есеге, яғни, 2558-ден 8156-ға дейін өсті. Бұл ретте ауырғандардың 78%-ы Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Алматы облысына тиесілі, онда аптасына КВИ-дің 500-ден астам жағдайы тіркелуде. 

Науқастардың вакцинациялау мәртебесін талдау кезінде 89% - ы вакцинацияланбаған немесе 6 ай бұрын вакцинациядан және ревакцинациядан өткен адамдар екендігі анықталды", - деп атап өтті ҚР ДСМ басшысы. 

 Ажар Ғиният КВИ-мен сырқаттанушылықтың көтерілуіне байланысты ДСБ және өңірлердің медициналық ұйымдарының басшыларымен пациенттерге медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша дайындық жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. 

Республика бойынша инфекциялық төсектерді жұмыспен қамту 30%-ды, реанимациялық төсектерді қамту 5%-ды құрайды. 

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау барысында және науқастардың 80% - дан астамы вакцинацияланбаған адамдар екенін ескере отырып, өңірлер халықты қайта вакцинациялау науқанын жандандыруы қажет", - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Следующая →