Өскемен
ясно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +3°
$
524.02
+1.39
545.19
-3.47
¥
71.82
+0.08
5.09
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатай ауданында автокөлік жолдарын күтіп ұстауға 65 млн теңге бөлінді

Тарбағатай ауданында облыстық және аудандық маңызы бар жолдар, ауылдардың ішкі көше жолдарын қарқынды жөндеу жұмыстары 2023 жылы басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Аксуат (Тарбагатайский р-он) / Тарбағатай ауданында автокөлік жолдарын күтіп ұстауға 65 млн теңге бөлінді
Фото:
pexels

Барлығы 60 шақырымға жуық автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі.

Осылайша 2025 жылға аудандық маңыздағы автокөлік жолдарының үлесі 84,5 пайыздан 92,6 пайызға жетеді деп күтілуде.

Ауданда "Жол жылы" жобасы аясында жұмыс қарқыны артып, ауданда асфальт-бетон зауыты ашылды.

Биыл облыстық маңызы бар 45 шақырым автомобиль жолы толықтай орташа жөндеуден өтті. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар 39 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ақмектеп ауылына кіре беріс 1 шақырым жолға орташа жөндеу, Жаңауыл-Ахметбұлақ аралығындағы 26 шақырым автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, - дейді Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев.

Сонымен қатар, Қарасу, Байтоғас, Жаңалық ауылдарының ішкі көшелерін орташа жөндеуге сараптама қорытындылары алынған.

Ал аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күтіп ұстауға 65 млн теңге бөлініп отыр.

Следующая →