ШҚО-дағы экономиканың күретамыры – ауыл шаруашылығы
Биыл өңірде дәнді және майлы дақылдардың өнімділігі 25%-ға өсті
Бұл экспорттың ұлғаюына ықпал етті, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі.
Осы орайда айта кеткен жөн, өңделген өнімдердің экспорты бір жылда 37,6%-дан 65,5%-ға дейін өскен.
Облыстың экспорттық әлеуетін көтеру үшін жыл бойы халықаралық шаралар шеңберінде экспортқа өсімдік майын тасымалдауға бірнеше ірі келісімшарт бекіттік, - деп атап өтті ШҚО әкімі Ермек Көшербаев. - ҚХР халықаралық көрмесінде "ВостокЭкоЛайн", "Сей-Нар" және "Янтарь УК" компаниялары 11 млн АҚШ долларының келісімшартына қол қойды. Самарқанда өткен 4-ші "Қазақстан-Өзбекстан" халықаралық ынтымақтастық форумында 12 млн долларға келісімшарт жасалды. Шанхайда өткен 7-ші Қытайлық халықаралық импорт көрмесінде B2B-келіссөздердің нәтижесінде "Восток сельхоз продукт" пен қытайлық компания тағы $3 млн келісімшарт жасады.
Сүтті мал шаруашылығына келсек, жыл соңына дейін Шемонаиха, Ұлан және Алтай аудандарында жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша өнімділігі жылына 40 мың тоннаға жуық 6 ірі сүт-тауар фермасын іске қосу жоспарланған.
Соңғы жылдары балықтардың популяциясын қалпына келтіру қолға алынды. "OstFish" компаниясы жас бекірені жасанды бассейнде жетілдіріліп, қалыптасқан табиғи ортасына қайтарумен айналысып жүр.
Биылғы экологиялық акция аясында Қара Ертіске 23 мың бас сібір бекіресі қайтарылды.