Тарбағатай тұрғындарына жаңа үй кілттері табысталды
Тәуелсіздік күніне орай 62 отбасы жаңа үйге қоныстанды
Ауданда "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 62 пәтер салынған, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі.
Жүйелі түрде жүзеге асырылып отырған мемлекеттік саясаттың нәтижесінде біз аудан бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының тұрғын үйге мұқтаж санатын толық баспанамен қамтамасыз етіп отырмыз. Алдағы уақытта тұрғын үй кезегінде тұрған басқа санаттағы жерлестерімізге үй салу жұмысын қолға алатын боламыз, - деді аудан әкімі Дархан Жөргекбаев салтанатты жиындағы сөзінде.
Тарбағатай ауданы бойынша 2022 жылы 14 баспана, 2023 жылы 27 баспана жаңадан салынса, биыл құрылыс көлемі 2 есеге артып, 62 баспана салынды. Демек, соңғы үш жылда 103 отбасы өз шаңырағына қол жеткізді.
Құрылыс жұмыстарының нәтижесінде аудан орталығы Ақжар ауылында жаңадан екі ықшам аудан пайда болды.
Сонымен қатар, биыл Жаңаауыл, Қарасу, Байтоғас, Маңырақ ауылдарында екіпәтерлі тұрғынүйлер салынды.