Хамит Балшабековтің өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау өтті
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ақын, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Хамит Балшабековті еске алу кеші өтті
Кеш аясында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан облыстық байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі.
Байқаудың мақсаты - Хамит Балшабековтың мұрасын халыққа, әсіресе жастар арасында насихаттау; ақын шығармалары арқылы жастар бойында адамгершілік, еңбексүйгіштік, елін-жерін сүю тәрізді қасиеттерді қалыптастыру; жастардың шығармашылық ізденістерін дамыту.
Театр актері, әдебиетші мамандар мен ұстаздар қазылық еткен байқауға 30-дан астам адамнан өтінім түсіп, көркемсөз оқуға талабы бар үміткерлер ақынның өлеңін мәнерлеп оқудан бақ сынады. Қатысушылар екі топқа, яғни 16-18 және 18-25 жас бойынша бөлінді.
Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Өскемен қаласының №49 мектебінің оқушысы Қайрат Асанәлі және Тарбағатай ауданының Ақжар ауылынан келген Балғын Дәуренқызы алды 2-орынды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Айсұлу Қабышева және Мария Екименко иеленіп, 3-орынды Қазақстан Американдық еркін университетінен Диляра Қорғау және Ислам Тілейхан қанағат тұтты.
Ал кітапханашы Замира Сүлейменова және Өскемен қаласынан №4- мектептің оқушысы Айзере Ахметбекова арнайы сыйлықтарға ие болды. Алматы қаласынан, Өскеменнен арнайы келген Хамит Балшабековтің балалары үздік қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыстады.