Тарбағатай ауданында “Ауылдық медицинаны жаңғырту” ұлттық жобасы аясында медициналық мекеме ашылды
Тарбағатай ауданында "Ауылдық медицинаны жаңғырту" ұлттық жобасы аясында медициналық мекеме ашылды
"Ауылдық медицинаны жаңғырту" ұлттық жобасы - ауылдарда денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін қолайлы жоба, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тұғыл ауылдық округіне қарасты Байтоғас ауылында жаңадан салынған медициналық пункті ашылды.
Биыл ауданда үш медициналық пункт салынды. Бұл мекеме жаңадан ашылған 8-ші медициналық ғимарат болып табылады. Бұнда барлық медициналық қызметтер жүргізіледі. Ересектер де, балалар да аудандық ауруханаға бармай-ақ, барлық қажетті ем-домды өз ауылдарындағы медициналық мекемеде ала алады, - деп хабарлайды Тарбағатай ауданы әкімдігі.