Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Антикор теміржол тасымалы қызметін жақсарту бойынша ұсыныс білдірді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен көлік министрлігінде теміржол жолаушылар тасымалының проблемалық мәселелері бойынша мәжілісі өтті

Новости Казахстана / Антикор теміржол тасымалы қызметін жақсарту бойынша ұсыныс білдірді
Фото:
Устинка LIVE

Мәжілісте жолаушылар тасымалын субсидиялау жүйесіндегі заңбұзушылықтар, пойыздағы көрсетілетін қызметтердің сапасы сөз болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, көлік министрлігінің, теміржол және су көлігі, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеттерінің, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша ТЖ көлігімен тасымалдаушылар қауымдастығының" өкілдері қатысты.

Мемлекеттік қолдау есебінен айтарлықтай табыстарға қарамастан, көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етпейтін жекелеген тасымалдаушылардың мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жолаушылар вагондарының санитарлық және техникалық жағдайына қатысты шағымдар көп. Сонымен қатар, билет тапшылығы және пойыздардың кешігуі мәселелері атап өтілді, - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Мәжіліс қорытындысы бойынша агенттік субсидияларды есептеу әдістемесін қайта қарауды, субсидиялау жүйесін цифрландыру, тиімді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету (пойыздарды тексеруді аудио-бейнетіркеу, қызметтер сапасы мен айыппұл санкциялары жүйесін бағалау өлшемшарттарын белгілеу), тасымалдаушы компанияларда аудит жүргізу, сондай-ақ жаңа вагондардың үлесін ұлғайту мәселелерін пысықтауды ұсынды.

Следующая →