Тарбағатайда жаңа мектеп қолданысқа берілмек
Тәуке ауылында "Жайлы мектеп" жобасы аясында 80 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталуға жақын
Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов құрылыс жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазір ескі мектепте 60 оқушы білім алуда. Жалпы аумағы 1290 ш.м. болатын мектептің құрылысына 600 млн теңге қаражат бөлінген. "АБР" мердігер компаниясы құрылыс жұмыстарын атқаруда. Мектепке қажетті құрал-жабдық, жиһаздар дайын.
Жаңа мектепте жаттықтырушылар бөлмесі мен спорттық жабдықтарды сақтауға арналған орны бар кең спорт зал, асхана, оқу сыныптары, санитарлық бөлме бар.